» Что необходимо знать при заказе перевода?

Аудармаға тапсырыс беру барысында нені білу керек?

- аударманы нотариалды куәландыру үшін сіздің құжаттардың түпнұсқалары қажет


- жеке құжаттар және АХАЖ органдары берген құжаттарды шет тіліне аудару үшін, аты-жөндердің дұрыс жазылуы қажет (ағылшын тілінде төлқұжат бойынша)


- орыс тілінен шет тіліне құжаттың аудармасын нотариалды куәландыру үшін, алдымен құжаттың түпнұсқасының көшірмесін растау керек


- жеке тұлғалар үшін 100% төлем арқылы жұмыс істейміз


- стандартты құжаттардың аудармасына тапсырыс беру барысында, құжаттың аудармасының бет саны 2-ден көп болса және аударманы бір сағат ішінде аудару қажет болса, тапсырыс жедел деп саналып, жедел тарифі бойынша төленеді


- стандартты емес құжаттардың аудармасына тапсырыс беру барысында, құжаттың аудармасының бет саны 5-тен көп болса және аударманы бір жұмыс күні ішінде аудару қажет болса, сонымен қатар мәтінде ғылыми, медициналық, техникалық лексика болса немесе қолмен жазылған түрде болса, тапсырыс жедел деп саналып, жедел тарифі бойынша төленеді


- қағазға шығарылған немесе сканнан өткен стандартты емес құжаттардың аудармасына тапсырыс беру барысында, менеджер сізге жоба есебі бойынша құнды айтады, құжаттың соңғы құны аударма жүзеге асырылғаннан кейін анықталады және электронды құжат статистикасына сәйкес есептелінеді.